ГЕОЛОГИЯЛЫҚ, ТАУ-КЕН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ КОНСАЛТИНГ

«АнтАл» компаниясының қызметінің негізгі бағыты тау-кен өндіру кәсіпорындарын жобалау, қатты пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы жобалық-сметалық құжаттаманы орындау болып табылады.

Аталған бағыт 1992 жылдан бастап дамуда.

Қазіргі уақытта кен орындарын ашық, жерасты және құрамдастырылған тәсілдермен әзірлеуді жобалаудың мол тәжірибесі жинақталды.

Кен орындарын әзірлеуді жобалау жұмысы жобалық шешімдердің барлық спектрін, соның ішінде төмендегілерді де қамтиды:

  • кен орындарын үлгілеу;
  • игерудің оңтайлы шекараларын белгілеу;
  • тау-кен жұмыстарын кешенді түрде механизациялау құрылымын таңдау;
  • жер қойнауларын кешенді және оңтайлы түрде пайдалануды қамтамасыз етуді ескере отырып, нақты кен орнының жағдайлары үшін оңтайлы технологиялық шешімдерді іріктеу;
  • тау-кен жұмыстарының негізгі және қосалқы технологиялық үдерістерін есептеу.

Ашық тау-кен жұмыстарын жобалаудың негізінде, ашық кеніштердің аралық және соңғы сұлбаларын үлгілеу жатыр.

Осы жұмыстардың шеңберінде мыналар жүзеге асырылады:

  • Micromine жүйесінде тау-кен шоғырын каркастық және блоктық түрде үлгілеу, босалқы қорды есептеу;
  • кен орындарын кезеңдер бойынша игеруді күнтізбе бойынша жоспарлау;
  • пайдаланудың әртүрлі кезеңдерінде тау-кен жұмыстарының аралық ережелерін жобалау;
  • аршылған таужыныстар мен кеннің деңгейжиек бойынша көлемдері есептеледі және пайдалы құрауыштардың мөлшері көрсетіледі;
  • қолданылатын игеру жүйесін және жабдықтарды ескере отырып, ашық кенішті тереңдетудің және оның шекараларын кеңейтудің ықтимал жылдамдығы белгіленеді;
  • ашық кеніштердің борттарының, ысырап пен жұтаңдану нормативтерінің тұрақтылығы және тағы басқалар анықталады.

Жерасты тау-кен жұмыстарын жобалау кезінде:

  • кен орнын жұмыспен өтеу және ашу, өнімдерді қию және бекіту тәсілдері анықталады;
  • діңгектердің өтіс жабдықтарымен жарақталғаны, әртүрлі тау-кен және геология жағдайларында шахталық діңгектерден және еңістік-көліктік құламалардан өту.
  • тау-кен және механика жабдықтары іріктеледі;
  • Кенішті желдету, электрмен қамту және шақталық су ағызу бөлігіндегі жобалық шешімдер қабылданады;
  • негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтардың барлық кешенін орната отырып, шахта үстілік ғимараттар жобаланады.

Соңғы кездері кен орнын игеру кезінде анағұрлым экономикалық әсерге қол жеткізу үшін құрамдастырылған тәсіл жиі қолданылып келеді. Кен орнын құрамдастырып барлау жұмысын жобалау кезінде, ашық жерден жерасты жұмыстарына ауысудың оңтайлы шекарасы белгіленеді, оларды қауіпсіз түрде біріктірудің ерекшелігі ескеріледі.

Жобаларда бұрғылау, жару, алып шығару-тиеу жұмыстарын орындау және тау-кен массасын тасымалдау бөлігіндегі инженерлік шешімдер егжей-тегжейлі түрде пысықталады. пайдаланудың әртүрлі шарттарында жұмыс атқарудың технологиялық сызбалары әзірленеді. Тау-кен жабдығының барлық техникалық-экономикалық көрсеткіштері нұсқа бойынша есептеледі (өнімділік, негізгі материалдардың шығыны және т.б.).

«АнтАл» жобалық-консалтингтік компаниясының мамандары жұмыс жобалары мен жұмыс құжаттамасын, тау-кен бұрмалары жобаларын, ашық кеніштер мен шахталарды рекультивациялау, жою, қайта құру жобаларын, босалқы қорды шығысқа шығару ТЭН-ін әзірлеу, жобалардың сараптамасын, тау-кен кәсіпорындарын салу және пайдалану саласындағы авторлық қадағалау қызметін орындайды.

Жобалау қызметінен бөлек, компания тау-кен және экономика консалтингі саласында қызмет көрсетеді.

Біз нысанның инвестициялық тартымдылығын бағалауға, техникалық-экономикалық негіздемені құрастыруға, тау-кен кәсіпорнын дамытудың оңтайлы нұсқасын талдап, таңдауға көмектесеміз. Біз нақты кен орнының техникалық, геологиялық, экономикалық және басқа да жағдайларына байланысты оңтайлы нұсқаларды жан-жақтан талдау және таңдау үшін заманға сай тәсілдемелерді қолданамыз. Біз жалпы кен орнын игерудің экономикалық тиімділігін тез және сапалы түрде бағалауға, сондай-ақ тар бағытты міндеттерді шешуге көмектесеміз.

Жобалау жұмысы Micromine, Surpac, AutoCAD сияқты және т.б. бағдарламалық жасақтаманың көмегімен жүзеге асырылады. Ашық кеніштер мен үйінділердің құрылысының қабылданған параметрлерінің қауіпсіздігін растау үшін, USTO бағдарламалық кешенінде олардың тұрақтылығының есебі орындалады.

Жұмыс атқарған жылдар ішінде біз тау-кен кәсіпорындарының 100-ден астам жобалары мен техникалық-экономикалық негіздемелерін орындадық және ойдағыдай келістірдік.