
Super User
ПІКІРЛЕР
Серіктестеріміздің пікірлері:
ЛИЦЕНЗИЯЛАР МЕН СЕРТИФИКАТТАРҒА
«АНТАЛ» ЖШС келесі лицензиялар мен сертификаттарға ие:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарапынан берілген жобалау қызметімен жүзеге асыру құқығына берілген І-санатты Мемлекеттік Лицензия 2000 жылғы 27 сәуірдегі МҚЛ № 001199 лицензиясы |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан берілген Тау-кен өндірістерін жобалау құқығын беретін Мемлекеттік Лицензия 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 002726 лицензиясы |
Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігі тарапынан берілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін Мемлекеттік Лицензия 2014 жылғы 26 қарашадағы №01714Р лицензиясы |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі берген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмысқа құқығы туралы анықтама |
"Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Алматы қаласының әкімдігі. |
БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ
Компаниямыздың саясатын іске асыру, келесі құндылықтарға негізделеді:
- Қызметкерлермен, тапсырыс берушілермен, серіктестермен қарым-қатынаста адалдық және әдептілік.
- Жұмыстың соңғы нәтижесі үшін жауаптылық, жобаларды өз мерзімінде және сапалы түрде орындау.
- Барлық идеяларға ашықтық, сондай-ақ оларды талқылауға және шынайы құндылығын анықтауға дайындық.
- Топтасып жұмыс істеу стилін, шырғамашылықты, ептілікті, демократия рухы мен корпоративтік мәдениетті, жаңашылдыққа талпынысты, ұжымдағы және тапсырыс берушілермен қарым-қатынастағы өзара құрметті қолдау.
- Өздерін де, басқаларды да оқыта алатын, қызметкерлердің құзыреті мен шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіре алатын дарынды адамдарды командаға тарту.
- Өз еңбегіңнің нәтижелері үшін мақтаныш сезімі.
БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ
Табиғат ресурстарын оңтайлы түрде пайдаланумен, қауіпсіздікпен және қоршаған ортаны аялаумен ерекшеленетін жобалық жұмыстардың жоғары сапасына қол жеткізу арқылы, сондай-ақ жобаланатын тау-кен кәсіпорындарында қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы, жер қойнауын пайдалану саласында жоғары технологиялы жобалау қызметтерін көрсету есебінен тау-кен өндіру өнеркәсібінде Қазақстанның өркендеуін қамтамасыз ету.
Пайдалы қазбалардың кеніштерінің жобаларын әзірлеуден, келістіруден және сүйемелдеуден бастап тау-кен өндіру кәсіпорындарын іске қосқанға дейін мәселелердің кешенді шешімін ұсынатын танымал жобалық-консалтингтік компания болу.
Қызықты жұмысты орындау кезінде мамандарға өздерінің шығармашылық әлеуетін лайықты төлем үшін іске асыру мүмкіндігін ұсыну.
САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ
«АнтАл» жобалық-консалтингтік компаниясының басшылығы, келесі ниеті және сапа саласындағы өз қызметінің бағыты туралы мәлімдейді:
- Тапсырыс берушілердің талаптары, әлемдік стандарттарға және озық технологияларға жауап беретін қызметтерді көрсету.
- Бірнеше бағыттарды қамтитын күрделі кешенді жобаларды орындау, сондай-ақ оларды ойдағыдай аяқтағанға сүйемелдеу.
- Өз қызметтерінің сапасын үнемі жетілдіру, тапсырыс берушілердің сұрауларына икемді түрде жауап қайтара отырып, олардың талаптары мен үміттеріне сәйкес, олармен өзара тиімді қатынасты қамтамасыз ету және қолдау.
- Барлық мүдделі тараптар: жер қойнауын пайдаланушылар, мемлекет, инвесторлар, өз қызметкерлері және жалпы қоғам арасында өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа алу.
- Жобаларды жобалаудың және басқарудың заманға сай әдістерін қолданатын, атқарылатын жұмыстардың қатысушылары арасындағы өзара әрекетті сауатты түрде және дұрыс басқаратын ұйымшыл команда болып табылатын қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы мен құзыреттілігі арқасында жобалау қызметі нәтижелерінің жоғары сапасына кепілдік беру. Кез келген жобаны бастағанда, шығармашылдар тобы түпкі мақсатты және ықтимал салдарды елестетеді.
- Мамандардың кәсіпқойлығын, олардың жоғары моральдық қасиеттерімен қолдау, бұл - табысты да тұрақты жұмыстың кепілі болып табылады. Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында, персоналды оқытуға және жетекшілер мен мамандардың біліктілігін арттыруға үлкен назар аудару керек.
- 3D-жобалаудың инженерлік есептері мен ілгерішіл әдістерінің заманға сай бағдарламалық жасақтамасын енгізу арқылы, жобалық құжаттаманы ұйымдастыру мен орындаудың әдістерін жетілдіру.
- Компания үнемі дамыту және қызметтің бағыттарын кеңейту.
«АнтАл» жобалық-консалтингтік компаниясының басшылығы:
- жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалық-консалтингтік қызметті сапалы түрде көрсетуге бағытталған сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде дамыту бойынша міндеттемені өзіне алады;
- сапа саласындағы Саясатты іске асыру үшін талаптар мен ресурстардың қамтамасыз етілетіндігіне кепілдік бере отырып, оны іске асыру үшін өзіне жауапкершілік жүктейді;
- сапа саласындағы Саясат, Компанияның Миссиясынан, Көзқарасынан және Стратегиясынан туындайтын ұстанымдар мен құндылықтардың көрінісі екенін мәлімдейді.
Осы саясатты іске асыру, келесі құндылықтарға негізделеді:
- Қызметкерлермен, тапсырыс берушілермен, серіктестермен қарым-қатынаста адалдық және әдептілік.
- Жұмыстың соңғы нәтижесі үшін жауаптылық, жобаларды өз мерзімінде және сапалы түрде орындау.
- Барлық идеяларға ашықтық, сондай-ақ оларды талқылауға және шынайы құндылығын анықтауға дайындық.
- Топтасып жұмыс істеу стилін, шырғамашылықты, ептілікті, демократия рухы мен корпоративтік мәдениетті, жаңашылдыққа талпынысты, ұжымдағы және тапсырыс берушілермен қарым-қатынастағы өзара құрметті қолдау.
- Өздерін де, басқаларды да оқыта алатын, қызметкерлердің құзыреті мен шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіре алатын дарынды адамдарды командаға тарту.
- Өз еңбегіңнің нәтижелері үшін мақтаныш сезімі.
В«АНТАЛ» ЖОБАЛЫҚ-КОНСАЛТИНГТІК КОМПАНИЯСЫ ӨЗІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ КЕЛЕСІ ҚАҒИДАТТАРДЫ ҰСТАНАДЫ:
Тапсырыс берушілермен қатынаста:
- пайдалы қазбалардың кен орындарын жобалау қызметтерінің толық жиынтығын ұсыну;
- барлық шарттық міндеттемелерді өз мерзімінде және сапалы түрде орындау;
- өзара қатынастардағы әдептілік және адалдық, сұраулар мен дәмелерді анағұрлым дәрежеде қанағаттандыру;
- жер қойнауын пайдалану саласындағы стандартты емес міндеттерді шығармашылық тұрғыдан орындау;
- ұзақ мерзімді қатынастар іскерлік қана емес, оның үстіне адами;
- жобаларды «сақадай сай» етіп әзірлеу;
- жобаларды барлық сатыларда - әзірлеуден бастап ойдағыдай аяқтауға дейін сүйемелдеу.
Бизнес-үдерістерді жүзеге асырғанда:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ұстану;
- қабылданатын шешімдерді тау-кен жобалау саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкестік бойынша үнемі талдау;
- тау-кен жобалау саласындағы инновациялық технологияларды байқау және талдау, жобалаудың тиімді әсерлерін енгізу;
- өзінің пәндік саласындағы үздік мамандарды тарта отырып, қабылданатын жобалық және басқарушылық шешімдер сапасының сараптамасын жүргізу;
- бұрын орындалған жобалық жұмыстардың тәжірибесін орындау кезінде, өз қызметінде шығармашылық тәсілдеме жасау;
- әрбір қабылданған жобалық шешімді негіздеу және оған сенімді болу, басты нәрсеге шоғырлана білу;
- қосалқы мердігерлік ұйымдардың жұмыстарды орындау сапасына қойылатын талаптар деңгейін арттыру;
- өзгерістерде қиындықтарды емес, мүмкіндіктерді көре білу;
- қоршаған ортаны аялау, қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жаңа жоғары тиімді тех. үдерістерді енгізу.
Персоналға қатысты:
- жұмыстарды шығармашыл түрде, жоғары кәсіби дәрежеде орындау, өз-өзін іске асыру және әр қызметкердің зияткерлік әлеуетін ашу үшін жағдай жасау;
- жақсы техникалық жарықтандыру және жұмыстарды автоматизациясы;
- қызметкерлердің саналы түрде өзара алмасуы қағидатын қолдану;
- қызметкерлердің әлеуметтік жақтан қорғалуы;
- тұрақты түрде оқыту және тәжірибе алмасу арқылы персоналдың жоғары кәсіптік біліктілігін қолдау.
Жобаларымыздың сапасының ең жақсы растауы - табысты түрде жұмыс істеп жатқан тау-кен кәсіпорындары
Саясат 2013 жылғы 07 маусымда персонал тарапынан талқыланды және мақұлданды.
БАЙЛАНЫСУ
Біздің мекен жаймыз: Қазақстан Республикасы, A15A0F7, Алматы қаласы, Бұқар Жырау бульвары, 33 үй, «Жеңіс» Бизнес Орталығы, 7 қабат, 50 кеңсе Бізге қоңырау шалу: Телефон: +7 727 376 33 42 Бізге жазу: e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Коммерциялық ұсыныстарды ұсыну туралы сұраныстар үшін Біздің веб-сайт: |
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
«АнтАл» жобалық-консалтингтік компаниясы 1992 жылы құрылған.
Компания тарапынан орындалған тау-кен және кен байыту кәсіпорындарының жобалары, техникалық-экономикалық негіздемелері, жер қойнауын пайдаланудың әртүрлі аспекттерінің ғылыми пысықтаулары бүгінде республиканың барлық тау-кен өндіруші өңірлерінде ұсынылған.
«АНТАЛ» ЖШС келесі лицензиялар мен сертификаттарға ие:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарапынан берілген жобалау қызметімен жүзеге асыру құқығына берілген І-санатты Мемлекеттік Лицензия, – (Лицензия МҚЛ № 001199, берілген күні: 2000 жылғы 27 сәуір);
- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан берілген Тау-кен өндірістерін жобалау құқығын беретін Мемлекеттік Лицензия (2009 жылғы 10 сәуірдегі № 002726 лицензия);
- Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігі тарапынан берілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін Мемлекеттік Лицензия (2014 жылғы 26 қарашадағы № 01714Р лицензия);
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына Аттестат№KZ87VEK00013522, 16.08.2022 («Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі)
- Сапа менеджменті сапасына сәйкестік сертификаты ҚР СТ ИСО 9001-2009.
- Басқару жүйесі сертификатталған:
- Сәйкестік сертификаты және жүйе сапа менеджменті ISO 9001
- Сәйкестік сертификаты және жүйе экологиялық менеджменті ISO 14001
- Сәйкестік сертификаты және жүйе кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті ISO 45001
2013 жылы «АНТАЛ» ЖШС «Сала көшбасшысы 2013» құрметті атағына ие болды.
Негізгі қызмет түрі жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіптік құрылыс саласындағы жобалық және консалтингтік қызмет көрсету болып табылады.
Компанияның мамандары келесіні тез арада және сапалы түрде жасауға көмектеседі:
- геология, тау-кен ісі және өнеркәсіптік құрылыс саласындағы жобалық-сметалық және рұқсаттық құжаттаманы мемлекеттік органдарға дайындау және келістіру;
- ехникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, жоба алдындағы пысықтамаларды орындау, экологиялық жобалау және нормалау, қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ), сондай-ақ ашық кеніштер мен жерасты кеніштерінің жобаларының, жұмыс жобаларының жекелеген тарауларын орындау;
- атты пайдалы қазбаларды байытудың технологиялық регламенттерін, кен байыту фабрикаларының, үгіту-сұрыптау кешендерінің және қалдық қоймаларының жобаларын әзірлеу және келістіру;
- үш өлшемдік үлгілеу, кен орындарының экономикалық әлеуетін негіздеп, кен орындарының босалқы қорларын бағалау.
Компания, қол жеткізілген нәтижелермен ғана тоқтамай, жер қойнауын пайдалану саласында жер қойнауын үлгілеуден бастап технологиялық регламенттерді әзірлеуге және кен байыту фабрикаларын алуға дейін әртүрлі қызметтердің толық тізбесі мен спектрін қамтуға талпынады. Осындай кешенді тәсілдеме ғана, жер қойнауын пайдаланушылардың алдында тұрған міндеттердің барлық спектрін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.
Бізде отандық және шетелдік үздік жобалау және үлгілеу технологиялары, заманға сай материалдық-техникалық база және мамандандырылған лицензиялық бағдарламалық жасақтама бар, бірақ компанияның басты құндылығы - жоғары білікті кәсіпқойлар командасы болып табылады. Біздің мамандарымыз тау-кен жобалау, кен байыту өндірісін нысандарын салу саласындағы мол тәжірибеге ие. Осының барлығы тау-кен ісі, пайдалы қазбаларды байыту және құрылыс салу саласындағы күрделі инженерлік міндеттерді орындауды қолға алуға мүмкіндік береді.
«АНТАЛ» компаниясы көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін жауап береді және олардың әлемдік және отандық стандарттарға сәйкестігіне кепілдік береді, біз әзірленетін өнімдердің сапасын одан әрі арттыру бойынша жұмыс істеудеміз.
Компанияда сай келетін сапа менеджменті жүйесі енгізілген (СМЖ).
Жобалық-сметалық құжаттаманың сапасын жақсарту және жобалау мерзімдерін қысқарту үшін компанияда Spider Project бағдарламалық жасақтамасына негізделген жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесі (ЖБКЖ) енгізілген.
Біздің компаниямыз заманға сай, ұтқыр және серпінді. Компанияның бірегейлігі мынада: жоғары кәсіпқойлыққа және стандарттан тыс шығармашылық ойлауға негізделе отырып, күрделі инженерлік тапсырмаларды орындаймыз.
Біз әр тапсырыс беруші үшін жеке тәсілдемеге, әр жоба үшін оңтайлы инженерлік шешімге кепілдік береміз.
ЖОБАЛАРЫМЫЗДЫҢ САПАСЫНЫҢ ЕҢ ЖАҚСЫ РАСТАУЫ - ТАБЫСТЫ ТҮРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТҚАН ТАУ-КЕН КӘСІПОРЫНДАРЫ |
Тапсырыс берушілер шеңберін кеңеюде, солардың арасында Сізді де көруге үміттенеміз. Біз қарым-қатынасымыз өзара тиімді түрде дамуы үшін барлық күш-жігерді, кәсіпқойлықты және тәжірибені жұмсайтын боламыз!
«АнтАл» компаниясының ИНТЕРНЕТ-ЖОБАСЫ
![]() |
2004 жылы «АНТАЛ» ЖШС-нің және Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі одағының (ОЗТО) бастамасымен, MINING.KZ тау-кен өнеркәсібі порталы құрылды.
Орталық Азия өңіріндегі бірінші мамандандырылған Internet-портал жарнамалық-ақпараттық web-ресурс болып табылады, оның беттерінде мамандар тау-кен және металлургия саласына арналған жабдықтар мен қызметтердің өндірушілері мен жеткізушілерінің жарнамасын ғана табуға көмектесе қоймай, Қазақстанның, өңірдің және жалпы әлемнің көкейтесті салалық жаңалықтарымен танысуға көмектеседі.
MINING.KZ порталының заманға сай дизайны, ыңғайлы навигациясы және тарауларының құрылымдалған мазмұны, келермендерге қажетті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндік ұсынады. Мамандандырылған геологиялық-барлау, құрылыс салу және жобалау ұйымдарын іздеу, жер қойнауын пайдаланушылармен, инвесторлармен және жабдықтарды жеткізушілермен байланыс орнату, озық тәжірибемен және технологиялармен алмасу, тау-кен өңдеу саласын дамыту үрдістерін талдау - бұл MINING.KZ.
MINING.KZ ПОРТАЛЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
MINING.KZ порталының қатысушылары: Қазақстанның, жақын және алыс шетелдің жер қойнауын пайдалану саласының кәсіпорындары, жобалық-консалтингтік, конструкторлық-геологиялық-барлау компаниялары, кеншілері, металлургтары, жобалаушылары болып табылады. MINING.KZ порталына бүкіл әлемнің Internet-пайдаланушылары күн сайын кіреді. MINING.KZ порталына кіру деңгейінің өсуі және оған дәйексөз келтірудің жоғары индексі, аталған Интернет-ресурстың Қазақстан мен ТМД елдеріндегі ғана емес, алыс шетелдегі пайдаланушылар арасында танымалдығын дәлелдейді.
MINING.KZ порталы Қазақстанда да, шетелде де жүргізілетін тау-кен және металлургия кешенінің салалық іс-шараларына ақпараттық қолдау көрсетеді (көрмелер, конференциялар, симпозиумдар, конгрестер және т.б.).
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ («АНТАЛ – КОНСАЛТ»)
![]() |
«АнтАл» компаниясы қызметінің жаңа келешектік бағыттарының бірі, құрылыс нысандарын, өнеркәсіптік нысандарды, кен байыту фабрикаларын және тау-кен байыту комбинаттарын салу және тұрғызу кезінде жобаларды басқарудың корпоративтік жүйелерін жобалау және енгізу бойынша қызметтердің толық кешенін көрсету болып табылады. Бұл бағыт 2014 жылдан бастап дамып келеді және Spider Project жобаларды басқару және бағдарламалық шешім саласындағы стандарттар негізінде құрылған технологияларды басшылыққа ала отырып, жабдықты жобалаудан бастап монтаждағанға дейінгі барлық кезеңдерде құрылысты ұйымдастыру саласында күрделі көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Осы бағыттағы қызметтер тізбесі мынаны қамтиды:
- Жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесін (ЖБКЖ) жобалау және енгізу. ЖБКЖ - кез келген ұйымдағы жобаларды басқару өзегі. Ол, операциялық қызмет көзқарасынан да, компаниядағы жобаларды басқару тиімділігін арттыру көзқарасынан да кәсіпорынның жұмысын оңтайландыратын әдістемелік, техникалық, бағдарламалық және ақпараттық құралдардың жинағын құрайды. ЖБКЖ енгізудің арқасында компанияның кез келген жобасын ойдағыдай іске асыру мүмкіндігі артады.
– Жобаны іске асырудың компьютерлік үлгісі мен жоспарын құрастыру. Жобаларды мамандандырылған бағдарламалардың көмегімен автоматтандырылған түрде үлгілеудің арқасында, жобаларды әртүрлі шектеулерді (ресурстар, құн, мерзімдер, қаржыландыру, жеткізілімдер) есепке ала отырып тиімді түрде оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұның арқасында, жобаның мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беріледі, сондай-ақ құн төмендейді және өтімділік мерзімі азаяды.
- Тапсырыс берушінің жобаларын сырттан сүйемелдеу және оларға аудит жүргізу. Жобаларды компанияның басшылығы тарапынан іске асыру - қалаулы нәтижеге әкеліп соқтырмайды, сондықтан жобаларды басқару міндеті осы саламен кәсіби түрде айналысатын бөгде ұйымға аутсорсингке беріледі. Біздің мамандарымыз жобаны іске асырудың кез келген сатысында: концепцияны әзірлеуден бастап толық циклды инжинирингке, бас мердігердің қызметтерін орындағанға дейін тапсырыс берушінің жобаларын сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді.
– Жобалар қоржынын қалыптастыру және оңтайландыру. Жекелеген жобаны қарастыру, жағдайды корпоративтік деңгейде бағалауға мүмкіндік бермейді. Қаржылық және басқа да ресурстарды басқару кезіндегі ең жоғары әсерге, жобалар қоржынын басқару кезінде қол жеткізіледі. Сондықтан көптеген жобаларды орындайтын компаниялардың маңызды міндеттерінің бірі, жобалардың өзіндік қоржынын қалыптастыру болып табылады.
– Тау-кен байыту және құрылыс саласының қажеттіліктері үшін жобаларды басқарудың салалық шешімін қолдану (тапсырыс берушінің ұйымдық құрылымын, жұмыс пен саланың ерекшелігін ескере отырып, әр тапсырыс беруші үшін жеке әзірленген жобаларды басқару бойынша бизнес-үдерістер, салалық анықтамалықтар мен нормативтер). Бізде, өзінің нәтижелілігін тәжірибе жүзінде көрсете білген өзіндік табысты салалық шешімдеріміз бар.
– жобаларды басқару үшін Spider Project бағдарламалық жүйесін әзірлеу және енгізу (жоспарлау және бақылау, бюджеттендіруді және басқарушылық есепті қою). Spider Project – жобалық басқару саласындағы қызметті ақпарат жағынан қолдауға арналған бағдарламалық өнімдердің арасындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. «АнтАл-консалт», Қазақстан Республикасының және Беларусь Республикасының аумағында Spider Project эксклюзивті жеткізушісі болып табылады.
Тапсырыс берушілер ие болатын нәтижелер:
- жобалардың бюджеттерін 15%-ға дейін үнемдеу;
- жобаларды іске асыру мерзімдерін 20%-ға дейін қысқарту;
- өндірістің тиімділігін арттыру;
- жоғары сапалы өнімдерді өз мерзімінде шығару;
- негізделген басқарушылық шешімдерді бақылаудың және қабылдаудың тиімді тетігі;
- басқарушылық персоналдың инженерлік дайындығы мен біліктілігін өсіру;
- жобаларды іске асыру кезінде тәуекелдерді төмендету;
- шектеулі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалану, жобаларды орындау тәртібі мен орындау сапасын арттыру;
- жауапкершілікті жобаның қатысушылары арасында нақты түрде бөлу;
- автоматтандырылған түрде жоспарлау және жұмыстардың жүргізілуін басқару арқылы ақпаратты өңдеу жүйелерін жетілдіру;
- жобаларды іске асырудың кез келген кезеңінен кейін, қолдау, тапсырыс берушінің табысына мүдделі болу;
- ұйымның тарихи ақпаратын жобалар мұрағаты түрінде қалыптастыру.
ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ ЖОБАЛАУ
«АнтАл» компаниясы 2014 жылдан бастап Франциялық Axter-Coletanche концернімен бірге табысты түрде жұмыс істеп келеді; аталған концерн, материалдарды жеткізу және қалдық қоймалары, жинақтағыш тоғандар және тағы басқалар сияқты гидротехникалық құрылыстарды жобалау саласындағы көшбасшы болып табылады.
«АнтАл» жобалық-консалтингтік компаниясы Axter-Coletanche француз компаниясымен бірге, гидротехникалық құрылыстарды (ГТҚ), соның ішінде: металдарды алып шығарудың толық технологиялық циклымен шоғырлы түрде шаймалау алаңшаларын; кен байыту фабрикалары мен гидрометаллургиялық зауыттардың қалдық қоймаларын, су қоймаларын, өндірістік және тұрмыстық қалдықтар қоймаларын, жоғары уатты және радиоактивті қалдықтарды COLETANCHE битумдық композиттік геомембранасының көмегімен жобалау жұмыстарын орындайды.
«АнтАл» және Axter-Coletanche компаниясының мамандары Сіз үшін ГТҚ жобасын әзірлей алады, құрылыс аумағына COLETANCHE геомембранасының талап етілетін түрін дұрыс таңдауға және жеткізуге көмектеседі, ГТҚ жобалау және геомембрананы жасау сатысында пішу бойынша қызмет көрсетеді, сондай-ақ геомембрананы төсеу және дәнекерлеу үдерісін авторлық қадағалау және бақылау қызметін жүзеге асырады.
COLETANCHE битумдық композиттік геомембранасын пайдаланған кезде гидротехникалық құрылыстардың құрылысына жұмсалатын инвестициялық шығындар едәуір (1,5-2 есе) қысқарады (COLETANCHE геомембранасының бастапқы құны танымал полиэтилен геомембраналарына қарағанда біршама жоғары екеніне қарамастан).
Геомембрана еуропалық сапаға және еуропалық экологиялық қауіпсіздік кепілдігіне ие болып табылады. COLETANCHE битумдық геомембранасы Францияда, Axter-Coletanche компаниясының өндірістік кәсіпорнында, ең жаңа еуропалық технологиялар бойынша, қамтамасыз етілген және кепілдік берілген сапамен өндіріледі. Өндіріс сапасы ISO9001, 9014 нормаларымен және ASQUAL сапаны бақылау компаниясы тарапынан бақыланады.
COLETANCHE геомембранасын пайдаланудың негізгі артықшылықтары:
|
|
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ НОРМАЛАУ
«АнтАл» жобалық-консалтингтік компаниясы кәсіпорындарды экологиялық тұрғыдан жобалау және нормалау саласындағы құжаттаманы әзірлеу қызметтерінің жиынтығын 1998 жылдан бері ұсынып келеді.
Экологиялық жобалау, белгіленген өңірдегі қоршаған ортаның жағдайына қандай да бір кәсіпорынның өндірістік қызметі тигізетін әсерді талдау, болжау, негіздеу, жоспарлау және бағалау қызметін қамтиды.
|
Біз төмендегіні жедел және кәсіби түрде орындаймыз және келістіреміз:
- «Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау» (Алдын ала ҚОӘБ) жобасы);
- «Қоршаған ортаға тигізілетін әсерді бағалау» (ҚОӘБ) жобасы;
- «Қоршаған ортаны қорғау» (ҚОҚ) бөлімі;
- «Санитарлық-қорғаныс аймағы» (СҚП) жобасы;
- атмосфераға рұқсат етілген шектік шығарындылар нормативтерінің жобасы (РШШ);
- рұқсат етілген шектік шығарындылар нормативтерінің жобасы (РШШ);
- қалдықтардың түзілуі нормативтері мен оларды орналастыру лимиттері жобасы (ҚТНОЛЖ).
Біздің мамандарымыз жобаны мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтудің барлық кезеңдерінде сүйемелдейді, қоғамдық тыңдау шараларын ұйымдастырады және өткізеді.
«АнтАл» компаниясы қоршаған ортаның өнеркәсіптік және уытты қалдықтармен ластану деңгейін бағалау жұмыстарын жүзеге асырады, кәсіпорындардың өндірістік қызметінің қоршаған ортаның құрауыштарына кері әсерін төмендету бойынша кешенді бағдарламаларды әзірлейді.
Есеп айырысу үшін «Эра» сертификатталған бағдарламалық кешені қолданылады (Новосибирск); аталған бағдарламалық кешен, экологиялық нормалау және жобалау саласында есеп айырысуды автоматтандыруға, әрекеттегі және жобаланатын кәсіпорындар үшін табиғат қорғау құжаттамасын жобалауға, әзірлеуге арналған.