ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ ЖОБАЛАУ

«АнтАл» компаниясы 2014 жылдан бастап Франциялық Axter-Coletanche концернімен бірге табысты түрде жұмыс істеп келеді; аталған концерн, материалдарды жеткізу және қалдық қоймалары, жинақтағыш тоғандар және тағы басқалар сияқты гидротехникалық құрылыстарды жобалау саласындағы көшбасшы болып табылады.

«АнтАл» жобалық-консалтингтік компаниясы Axter-Coletanche француз компаниясымен бірге, гидротехникалық құрылыстарды (ГТҚ), соның ішінде: металдарды алып шығарудың толық технологиялық циклымен шоғырлы түрде шаймалау алаңшаларын; кен байыту фабрикалары мен гидрометаллургиялық зауыттардың қалдық қоймаларын, су қоймаларын, өндірістік және тұрмыстық қалдықтар қоймаларын, жоғары уатты және радиоактивті қалдықтарды COLETANCHE битумдық композиттік геомембранасының көмегімен жобалау жұмыстарын орындайды.

«АнтАл» және Axter-Coletanche компаниясының мамандары Сіз үшін ГТҚ жобасын әзірлей алады, құрылыс аумағына COLETANCHE геомембранасының талап етілетін түрін дұрыс таңдауға және жеткізуге көмектеседі, ГТҚ жобалау және геомембрананы жасау сатысында пішу бойынша қызмет көрсетеді, сондай-ақ геомембрананы төсеу және дәнекерлеу үдерісін авторлық қадағалау және бақылау қызметін жүзеге асырады.

COLETANCHE битумдық композиттік геомембранасын пайдаланған кезде гидротехникалық құрылыстардың құрылысына жұмсалатын инвестициялық шығындар едәуір (1,5-2 есе) қысқарады (COLETANCHE геомембранасының бастапқы құны танымал полиэтилен геомембраналарына қарағанда біршама жоғары екеніне қарамастан).

Геомембрана еуропалық сапаға және еуропалық экологиялық қауіпсіздік кепілдігіне ие болып табылады. COLETANCHE битумдық геомембранасы Францияда, Axter-Coletanche компаниясының өндірістік кәсіпорнында, ең жаңа еуропалық технологиялар бойынша, қамтамасыз етілген және кепілдік берілген сапамен өндіріледі. Өндіріс сапасы ISO9001, 9014 нормаларымен және ASQUAL сапаны бақылау компаниясы тарапынан бақыланады.

COLETANCHE геомембранасын пайдаланудың негізгі артықшылықтары:

  • негіздемені барынша аз дайындауды және жоспарлауды талап етеді;
  • құрылыс техникасы геомембрананың беткі қабаты бойынша тікелей қозғала алады;
  • геомембрананың тығыздығы, қатты жел болғанда, оның қампаюын болдырмайды;
  • шынайы жағдайда қызмет ету мерзімі 100 жылдан асады;
  • ультракүлгін сәулелерге төзімділік;
  • тесілуге және үзілуге төзімділік, сұйықтық қабатының астында да жөндеуге жарамды;
  • битум геомембранасын асфальт-бетонмен, асфальтпен, құйылған бетонмен, жасыл төсеммен қаптау мүмкіндігі;
  • үйкеліс бұрышының көрсеткіші (34°);
  • бір мезгілдік беріктіктегі айрықша иілгіштік, салмақ түсетін беткі қабатпен тұрақты және біркелкі бөлінген түйісуді қамтамасыз етеді;
  • тоттануға төзімділік, химиялық және биологиялық төзімділік;
  • зауыттық жағдайда біріктіріп жиналған бес негізгі қабатты қамтиды (полимерлік үлдір, полимерлік битум қабаты, полимерлік битум сіңірілген шыны кенеп, полимерлік битум сіңірілген тоқылмаған геотоқыма, полимерлік битум қабаты, геомембрананың сыртқы үстіңгі қабаты құммен және құмды қиыршық таспен қапталған).