ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ НОРМАЛАУ

«АнтАл» жобалық-консалтингтік компаниясы кәсіпорындарды экологиялық тұрғыдан жобалау және нормалау саласындағы құжаттаманы әзірлеу қызметтерінің жиынтығын 1998 жылдан бері ұсынып келеді.

Экологиялық жобалау, белгіленген өңірдегі қоршаған ортаның жағдайына қандай да бір кәсіпорынның өндірістік қызметі тигізетін әсерді талдау, болжау, негіздеу, жоспарлау және бағалау қызметін қамтиды.

Біз төмендегіні жедел және кәсіби түрде орындаймыз және келістіреміз:

  • «Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау» (Алдын ала ҚОӘБ) жобасы);
  • «Қоршаған ортаға тигізілетін әсерді бағалау» (ҚОӘБ) жобасы;
  • «Қоршаған ортаны қорғау» (ҚОҚ) бөлімі;
  • «Санитарлық-қорғаныс аймағы» (СҚП) жобасы;
  • атмосфераға рұқсат етілген шектік шығарындылар нормативтерінің жобасы (РШШ);
  • рұқсат етілген шектік шығарындылар нормативтерінің жобасы (РШШ);
  • қалдықтардың түзілуі нормативтері мен оларды орналастыру лимиттері жобасы (ҚТНОЛЖ).

Біздің мамандарымыз жобаны мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтудің барлық кезеңдерінде сүйемелдейді, қоғамдық тыңдау шараларын ұйымдастырады және өткізеді.

«АнтАл» компаниясы қоршаған ортаның өнеркәсіптік және уытты қалдықтармен ластану деңгейін бағалау жұмыстарын жүзеге асырады, кәсіпорындардың өндірістік қызметінің қоршаған ортаның құрауыштарына кері әсерін төмендету бойынша кешенді бағдарламаларды әзірлейді.

Есеп айырысу үшін «Эра» сертификатталған бағдарламалық кешені қолданылады (Новосибирск); аталған бағдарламалық кешен, экологиялық нормалау және жобалау саласында есеп айырысуды автоматтандыруға, әрекеттегі және жобаланатын кәсіпорындар үшін табиғат қорғау құжаттамасын жобалауға, әзірлеуге арналған.