Геологияның, тау-кен ісінің және кен байытудың ажырамас технологиялық байланысы тау-кен байыту өндірістерін жобалауға кешенді тәсілдемені қолдануды талап етеді, соған орай, 2012 жылы компанияның қызметінің жаңа бағыты: өнеркәсіптік нысандар мен кен байыту фабрикаларын жобалау бағытын дамыту туралы шешім қабылданды.
«АнтАл» жобалық-консалтингтік компаниясы жауапкершіліктің 1-ші санатына жатқызылған нысандарды жобалауға арналған Лицензияға ие болып табылады және жобалық жұмыстардың барлық бөліктері: технологиялық; сәулеттік-құрылыстық, бас жоспар және көлік; электр техникалық бөліктер; үдерістерді автоматтандыру; диспетчерлендіру; байланыс және дабылдама; жылыту, желдету, сумен қамту, сметалық құжаттама; техникалық-экономикалық, жөндеу-механика бөліктері бойынша кадрлармен жарақталған.
Біз жаңа құрылыс, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, техникалық жақтан қайта жабдықтау, күрделі дәрежеде жөндеу сияқты құрылыс түрлерін бойынша жұмыстарды орындаймыз, сондай-ақ тапсырыс берушіге жерге орналастыру, сәулеттік-жобалық тапсырманы, энергиямен қамтудың сыртқы көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды алу сияқты жобалық жұмыстарға арналған бастапқы рұқсат беру құжаттамасын рәсімдеу бойынша консалтингтік қызмет көрсетеміз.
Жұмыстар, барлық жобалау сатыларында: техникалық-экономикалық негіздемеден бастап жұмыс құжаттамасы сатысына дейін орындалады.
Өнеркәсіптік жобалауда компания кен байыту фабрикаларын, соған қоса: флотациялық, гравитациялық фабрикаларды, шаю және магниттік-байыту фабрикаларын, үгіту-сұрыптау кешендерін, шаймалау қондырғылары мен цехтарын, гидрометаллургиялық және құрастырылған кен байыту үдерістеріне ие фабрикаларды, кен байыту фабрикаларының инфрақұрылым нысандарын (энергетикалық қамсыздандыру нысандары, қалдық қоймалары, жинақтау тоғандары, вахталық кенттер, технологиялық жолдар, канализациялық тазарту ғимараттары) жобалаумен айналысады.
Бұдан бөлек, компанияның мамандары әкімшілік-тұрмыстық комбинаттардың, өнеркәсіптік цехтардың, қоймалық орынжайлардың, қазандықтардың, жанар-жағармай құю станцияларының, қосалқы станциялардың, желілік құрылыстардың, инженерлік тораптардың жобаларын орындайды және келістіреді.