Табиғат ресурстарын оңтайлы түрде пайдаланумен, қауіпсіздікпен және қоршаған ортаны аялаумен ерекшеленетін жобалық жұмыстардың жоғары сапасына қол жеткізу арқылы, сондай-ақ жобаланатын тау-кен кәсіпорындарында қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы, жер қойнауын пайдалану саласында жоғары технологиялы жобалау қызметтерін көрсету есебінен тау-кен өндіру өнеркәсібінде Қазақстанның өркендеуін қамтамасыз ету.

Пайдалы қазбалардың кеніштерінің жобаларын әзірлеуден, келістіруден және сүйемелдеуден бастап тау-кен өндіру кәсіпорындарын іске қосқанға дейін мәселелердің кешенді шешімін ұсынатын танымал жобалық-консалтингтік компания болу.

Қызықты жұмысты орындау кезінде мамандарға өздерінің шығармашылық әлеуетін лайықты төлем үшін іске асыру мүмкіндігін ұсыну.

САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

«АнтАл» жобалық-консалтингтік компаниясының басшылығы, келесі ниеті және сапа саласындағы өз қызметінің бағыты туралы мәлімдейді:

  • Тапсырыс берушілердің талаптары, әлемдік стандарттарға және озық технологияларға жауап беретін қызметтерді көрсету.
  • Бірнеше бағыттарды қамтитын күрделі кешенді жобаларды орындау, сондай-ақ оларды ойдағыдай аяқтағанға сүйемелдеу.
  • Өз қызметтерінің сапасын үнемі жетілдіру, тапсырыс берушілердің сұрауларына икемді түрде жауап қайтара отырып, олардың талаптары мен үміттеріне сәйкес, олармен өзара тиімді қатынасты қамтамасыз ету және қолдау.
  • Барлық мүдделі тараптар: жер қойнауын пайдаланушылар, мемлекет, инвесторлар, өз қызметкерлері және жалпы қоғам арасында өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа алу.
  • Жобаларды жобалаудың және басқарудың заманға сай әдістерін қолданатын, атқарылатын жұмыстардың қатысушылары арасындағы өзара әрекетті сауатты түрде және дұрыс басқаратын ұйымшыл команда болып табылатын қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы мен құзыреттілігі арқасында жобалау қызметі нәтижелерінің жоғары сапасына кепілдік беру. Кез келген жобаны бастағанда, шығармашылдар тобы түпкі мақсатты және ықтимал салдарды елестетеді.
  • Мамандардың кәсіпқойлығын, олардың жоғары моральдық қасиеттерімен қолдау, бұл - табысты да тұрақты жұмыстың кепілі болып табылады. Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында, персоналды оқытуға және жетекшілер мен мамандардың біліктілігін арттыруға үлкен назар аудару керек.
  • 3D-жобалаудың инженерлік есептері мен ілгерішіл әдістерінің заманға сай бағдарламалық жасақтамасын енгізу арқылы, жобалық құжаттаманы ұйымдастыру мен орындаудың әдістерін жетілдіру.
  • Компания үнемі дамыту және қызметтің бағыттарын кеңейту.

«АнтАл» жобалық-консалтингтік компаниясының басшылығы:

  • жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалық-консалтингтік қызметті сапалы түрде көрсетуге бағытталған сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде дамыту бойынша міндеттемені өзіне алады;
  • сапа саласындағы Саясатты іске асыру үшін талаптар мен ресурстардың қамтамасыз етілетіндігіне кепілдік бере отырып, оны іске асыру үшін өзіне жауапкершілік жүктейді;
  • сапа саласындағы Саясат, Компанияның Миссиясынан, Көзқарасынан және Стратегиясынан туындайтын ұстанымдар мен құндылықтардың көрінісі екенін мәлімдейді.

Осы саясатты іске асыру, келесі құндылықтарға негізделеді:

  • Қызметкерлермен, тапсырыс берушілермен, серіктестермен қарым-қатынаста адалдық және әдептілік.
  • Жұмыстың соңғы нәтижесі үшін жауаптылық, жобаларды өз мерзімінде және сапалы түрде орындау.
  • Барлық идеяларға ашықтық, сондай-ақ оларды талқылауға және шынайы құндылығын анықтауға дайындық.
  • Топтасып жұмыс істеу стилін, шырғамашылықты, ептілікті, демократия рухы мен корпоративтік мәдениетті, жаңашылдыққа талпынысты, ұжымдағы және тапсырыс берушілермен қарым-қатынастағы өзара құрметті қолдау.
  • Өздерін де, басқаларды да оқыта алатын, қызметкерлердің құзыреті мен шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіре алатын дарынды адамдарды командаға тарту.
  • Өз еңбегіңнің нәтижелері үшін мақтаныш сезімі.

В«АНТАЛ» ЖОБАЛЫҚ-КОНСАЛТИНГТІК КОМПАНИЯСЫ ӨЗІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ КЕЛЕСІ ҚАҒИДАТТАРДЫ ҰСТАНАДЫ:

Тапсырыс берушілермен қатынаста:

  • пайдалы қазбалардың кен орындарын жобалау қызметтерінің толық жиынтығын ұсыну;
  • барлық шарттық міндеттемелерді өз мерзімінде және сапалы түрде орындау;
  • өзара қатынастардағы әдептілік және адалдық, сұраулар мен дәмелерді анағұрлым дәрежеде қанағаттандыру;
  • жер қойнауын пайдалану саласындағы стандартты емес міндеттерді шығармашылық тұрғыдан орындау;
  • ұзақ мерзімді қатынастар іскерлік қана емес, оның үстіне адами;
  • жобаларды «сақадай сай» етіп әзірлеу;
  • жобаларды барлық сатыларда - әзірлеуден бастап ойдағыдай аяқтауға дейін сүйемелдеу.

Бизнес-үдерістерді жүзеге асырғанда:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ұстану;
  • қабылданатын шешімдерді тау-кен жобалау саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкестік бойынша үнемі талдау;
  • тау-кен жобалау саласындағы инновациялық технологияларды байқау және талдау, жобалаудың тиімді әсерлерін енгізу;
  • өзінің пәндік саласындағы үздік мамандарды тарта отырып, қабылданатын жобалық және басқарушылық шешімдер сапасының сараптамасын жүргізу;
  • бұрын орындалған жобалық жұмыстардың тәжірибесін орындау кезінде, өз қызметінде шығармашылық тәсілдеме жасау;
  • әрбір қабылданған жобалық шешімді негіздеу және оған сенімді болу, басты нәрсеге шоғырлана білу;
  • қосалқы мердігерлік ұйымдардың жұмыстарды орындау сапасына қойылатын талаптар деңгейін арттыру;
  • өзгерістерде қиындықтарды емес, мүмкіндіктерді көре білу;
  • қоршаған ортаны аялау, қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жаңа жоғары тиімді тех. үдерістерді енгізу.

Персоналға қатысты:

  • жұмыстарды шығармашыл түрде, жоғары кәсіби дәрежеде орындау, өз-өзін іске асыру және әр қызметкердің зияткерлік әлеуетін ашу үшін жағдай жасау;
  • жақсы техникалық жарықтандыру және жұмыстарды автоматизациясы;
  • қызметкерлердің саналы түрде өзара алмасуы қағидатын қолдану;
  • қызметкерлердің әлеуметтік жақтан қорғалуы;
  • тұрақты түрде оқыту және тәжірибе алмасу арқылы персоналдың жоғары кәсіптік біліктілігін қолдау.

 Жобаларымыздың сапасының ең жақсы растауы - табысты түрде жұмыс істеп жатқан тау-кен кәсіпорындары

 Саясат 2013 жылғы 07 маусымда персонал тарапынан талқыланды және мақұлданды.