«АнтАл» компаниясы қызметінің жаңа келешектік бағыттарының бірі, құрылыс нысандарын, өнеркәсіптік нысандарды, кен байыту фабрикаларын және тау-кен байыту комбинаттарын салу және тұрғызу кезінде жобаларды басқарудың корпоративтік жүйелерін жобалау және енгізу бойынша қызметтердің толық кешенін көрсету болып табылады. Бұл бағыт 2014 жылдан бастап дамып келеді және Spider Project жобаларды басқару және бағдарламалық шешім саласындағы стандарттар негізінде құрылған технологияларды басшылыққа ала отырып, жабдықты жобалаудан бастап монтаждағанға дейінгі барлық кезеңдерде құрылысты ұйымдастыру саласында күрделі көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Осы бағыттағы қызметтер тізбесі мынаны қамтиды:
- Жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесін (ЖБКЖ) жобалау және енгізу. ЖБКЖ - кез келген ұйымдағы жобаларды басқару өзегі. Ол, операциялық қызмет көзқарасынан да, компаниядағы жобаларды басқару тиімділігін арттыру көзқарасынан да кәсіпорынның жұмысын оңтайландыратын әдістемелік, техникалық, бағдарламалық және ақпараттық құралдардың жинағын құрайды. ЖБКЖ енгізудің арқасында компанияның кез келген жобасын ойдағыдай іске асыру мүмкіндігі артады.
– Жобаны іске асырудың компьютерлік үлгісі мен жоспарын құрастыру. Жобаларды мамандандырылған бағдарламалардың көмегімен автоматтандырылған түрде үлгілеудің арқасында, жобаларды әртүрлі шектеулерді (ресурстар, құн, мерзімдер, қаржыландыру, жеткізілімдер) есепке ала отырып тиімді түрде оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұның арқасында, жобаның мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беріледі, сондай-ақ құн төмендейді және өтімділік мерзімі азаяды.
- Тапсырыс берушінің жобаларын сырттан сүйемелдеу және оларға аудит жүргізу. Жобаларды компанияның басшылығы тарапынан іске асыру - қалаулы нәтижеге әкеліп соқтырмайды, сондықтан жобаларды басқару міндеті осы саламен кәсіби түрде айналысатын бөгде ұйымға аутсорсингке беріледі. Біздің мамандарымыз жобаны іске асырудың кез келген сатысында: концепцияны әзірлеуден бастап толық циклды инжинирингке, бас мердігердің қызметтерін орындағанға дейін тапсырыс берушінің жобаларын сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді.
– Жобалар қоржынын қалыптастыру және оңтайландыру. Жекелеген жобаны қарастыру, жағдайды корпоративтік деңгейде бағалауға мүмкіндік бермейді. Қаржылық және басқа да ресурстарды басқару кезіндегі ең жоғары әсерге, жобалар қоржынын басқару кезінде қол жеткізіледі. Сондықтан көптеген жобаларды орындайтын компаниялардың маңызды міндеттерінің бірі, жобалардың өзіндік қоржынын қалыптастыру болып табылады.
– Тау-кен байыту және құрылыс саласының қажеттіліктері үшін жобаларды басқарудың салалық шешімін қолдану (тапсырыс берушінің ұйымдық құрылымын, жұмыс пен саланың ерекшелігін ескере отырып, әр тапсырыс беруші үшін жеке әзірленген жобаларды басқару бойынша бизнес-үдерістер, салалық анықтамалықтар мен нормативтер). Бізде, өзінің нәтижелілігін тәжірибе жүзінде көрсете білген өзіндік табысты салалық шешімдеріміз бар.
– жобаларды басқару үшін Spider Project бағдарламалық жүйесін әзірлеу және енгізу (жоспарлау және бақылау, бюджеттендіруді және басқарушылық есепті қою). Spider Project – жобалық басқару саласындағы қызметті ақпарат жағынан қолдауға арналған бағдарламалық өнімдердің арасындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. «АнтАл-консалт», Қазақстан Республикасының және Беларусь Республикасының аумағында Spider Project эксклюзивті жеткізушісі болып табылады.
Тапсырыс берушілер ие болатын нәтижелер:
- жобалардың бюджеттерін 15%-ға дейін үнемдеу;
- жобаларды іске асыру мерзімдерін 20%-ға дейін қысқарту;
- өндірістің тиімділігін арттыру;
- жоғары сапалы өнімдерді өз мерзімінде шығару;
- негізделген басқарушылық шешімдерді бақылаудың және қабылдаудың тиімді тетігі;
- басқарушылық персоналдың инженерлік дайындығы мен біліктілігін өсіру;
- жобаларды іске асыру кезінде тәуекелдерді төмендету;
- шектеулі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалану, жобаларды орындау тәртібі мен орындау сапасын арттыру;
- жауапкершілікті жобаның қатысушылары арасында нақты түрде бөлу;
- автоматтандырылған түрде жоспарлау және жұмыстардың жүргізілуін басқару арқылы ақпаратты өңдеу жүйелерін жетілдіру;
- жобаларды іске асырудың кез келген кезеңінен кейін, қолдау, тапсырыс берушінің табысына мүдделі болу;
- ұйымның тарихи ақпаратын жобалар мұрағаты түрінде қалыптастыру.