«АнтАл» жобалық-консалтингтік компаниясы 1992 жылы құрылған.

Компания тарапынан орындалған тау-кен және кен байыту кәсіпорындарының жобалары, техникалық-экономикалық негіздемелері, жер қойнауын пайдаланудың әртүрлі аспекттерінің ғылыми пысықтаулары бүгінде республиканың барлық тау-кен өндіруші өңірлерінде ұсынылған.

«АНТАЛ» ЖШС келесі лицензиялар мен сертификаттарға ие:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарапынан берілген жобалау қызметімен жүзеге асыру құқығына берілген І-санатты Мемлекеттік Лицензия, – (Лицензия МҚЛ № 001199, берілген күні: 2000 жылғы 27 сәуір);
  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан берілген Тау-кен өндірістерін жобалау құқығын беретін Мемлекеттік Лицензия (2009 жылғы 10 сәуірдегі № 002726 лицензия);
  3. Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігі тарапынан берілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін Мемлекеттік Лицензия (2014 жылғы 26 қарашадағы № 01714Р лицензия);
  4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына Аттестат№KZ87VEK00013522, 16.08.2022 («Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі)
  5. Сапа менеджменті сапасына сәйкестік сертификаты ҚР СТ ИСО 9001-2009.
  6. Басқару жүйесі сертификатталған:                     
  • Сәйкестік сертификаты және жүйе сапа менеджменті ISO 9001
  • Сәйкестік сертификаты және жүйе экологиялық менеджменті ISO 14001
  • Сәйкестік сертификаты және жүйе кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті ISO 45001

2013 жылы «АНТАЛ» ЖШС «Сала көшбасшысы 2013» құрметті атағына ие болды.

Негізгі қызмет түрі жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіптік құрылыс саласындағы жобалық және консалтингтік қызмет көрсету болып табылады.

Компанияның мамандары келесіні тез арада және сапалы түрде жасауға көмектеседі:

  • геология, тау-кен ісі және өнеркәсіптік құрылыс саласындағы жобалық-сметалық және рұқсаттық құжаттаманы мемлекеттік органдарға дайындау және келістіру;
  • ехникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, жоба алдындағы пысықтамаларды орындау, экологиялық жобалау және нормалау, қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ), сондай-ақ ашық кеніштер мен жерасты кеніштерінің жобаларының, жұмыс жобаларының жекелеген тарауларын орындау;
  • атты пайдалы қазбаларды байытудың технологиялық регламенттерін, кен байыту фабрикаларының, үгіту-сұрыптау кешендерінің және қалдық қоймаларының жобаларын әзірлеу және келістіру;
  • үш өлшемдік үлгілеу, кен орындарының экономикалық әлеуетін негіздеп, кен орындарының босалқы қорларын бағалау.

Компания, қол жеткізілген нәтижелермен ғана тоқтамай, жер қойнауын пайдалану саласында жер қойнауын үлгілеуден бастап технологиялық регламенттерді әзірлеуге және кен байыту фабрикаларын алуға дейін әртүрлі қызметтердің толық тізбесі мен спектрін қамтуға талпынады. Осындай кешенді тәсілдеме ғана, жер қойнауын пайдаланушылардың алдында тұрған міндеттердің барлық спектрін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.

Бізде отандық және шетелдік үздік жобалау және үлгілеу технологиялары, заманға сай материалдық-техникалық база және мамандандырылған лицензиялық бағдарламалық жасақтама бар, бірақ компанияның басты құндылығы - жоғары білікті кәсіпқойлар командасы болып табылады. Біздің мамандарымыз тау-кен жобалау, кен байыту өндірісін нысандарын салу саласындағы мол тәжірибеге ие. Осының барлығы тау-кен ісі, пайдалы қазбаларды байыту және құрылыс салу саласындағы күрделі инженерлік міндеттерді орындауды қолға алуға мүмкіндік береді.

«АНТАЛ» компаниясы көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін жауап береді және олардың әлемдік және отандық стандарттарға сәйкестігіне кепілдік береді, біз әзірленетін өнімдердің сапасын одан әрі арттыру бойынша жұмыс істеудеміз.

Компанияда сай келетін сапа менеджменті жүйесі енгізілген (СМЖ).

Жобалық-сметалық құжаттаманың сапасын жақсарту және жобалау мерзімдерін қысқарту үшін компанияда Spider Project бағдарламалық жасақтамасына негізделген жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесі (ЖБКЖ) енгізілген.

Біздің компаниямыз заманға сай, ұтқыр және серпінді. Компанияның бірегейлігі мынада: жоғары кәсіпқойлыққа және стандарттан тыс шығармашылық ойлауға негізделе отырып, күрделі инженерлік тапсырмаларды орындаймыз.

Біз әр тапсырыс беруші үшін жеке тәсілдемеге, әр жоба үшін оңтайлы инженерлік шешімге кепілдік береміз.

ЖОБАЛАРЫМЫЗДЫҢ САПАСЫНЫҢ ЕҢ ЖАҚСЫ РАСТАУЫ - ТАБЫСТЫ ТҮРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТҚАН ТАУ-КЕН КӘСІПОРЫНДАРЫ

Тапсырыс берушілер шеңберін кеңеюде, солардың арасында Сізді де көруге үміттенеміз. Біз қарым-қатынасымыз өзара тиімді түрде дамуы үшін барлық күш-жігерді, кәсіпқойлықты және тәжірибені жұмсайтын боламыз!

«АнтАл» компаниясының ИНТЕРНЕТ-ЖОБАСЫ

2004 жылы «АНТАЛ» ЖШС-нің және Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі одағының (ОЗТО) бастамасымен, MINING.KZ тау-кен өнеркәсібі порталы құрылды.

Орталық Азия өңіріндегі бірінші мамандандырылған Internet-портал жарнамалық-ақпараттық web-ресурс болып табылады, оның беттерінде мамандар тау-кен және металлургия саласына арналған жабдықтар мен қызметтердің өндірушілері мен жеткізушілерінің жарнамасын ғана табуға көмектесе қоймай, Қазақстанның, өңірдің және жалпы әлемнің көкейтесті салалық жаңалықтарымен танысуға көмектеседі.

MINING.KZ порталының заманға сай дизайны, ыңғайлы навигациясы және тарауларының құрылымдалған мазмұны, келермендерге қажетті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндік ұсынады. Мамандандырылған геологиялық-барлау, құрылыс салу және жобалау ұйымдарын іздеу, жер қойнауын пайдаланушылармен, инвесторлармен және жабдықтарды жеткізушілермен байланыс орнату, озық тәжірибемен және технологиялармен алмасу, тау-кен өңдеу саласын дамыту үрдістерін талдау - бұл MINING.KZ.

 MINING.KZ ПОРТАЛЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

MINING.KZ порталының қатысушылары: Қазақстанның, жақын және алыс шетелдің жер қойнауын пайдалану саласының кәсіпорындары, жобалық-консалтингтік, конструкторлық-геологиялық-барлау компаниялары, кеншілері, металлургтары, жобалаушылары болып табылады. MINING.KZ порталына бүкіл әлемнің Internet-пайдаланушылары күн сайын кіреді. MINING.KZ порталына кіру деңгейінің өсуі және оған дәйексөз келтірудің жоғары индексі, аталған Интернет-ресурстың Қазақстан мен ТМД елдеріндегі ғана емес, алыс шетелдегі пайдаланушылар арасында танымалдығын дәлелдейді.

MINING.KZ порталы Қазақстанда да, шетелде де жүргізілетін тау-кен және металлургия кешенінің салалық іс-шараларына ақпараттық қолдау көрсетеді (көрмелер, конференциялар, симпозиумдар, конгрестер және т.б.).